UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалында алғашқы жұп ойыны өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Онда «Реал Мадрид» (Испания) пен «Челси» (Англия) командалары кездесті.
Екі команда бұған дейін аталған турнирде жолыққан емес. 2016 жылы өткен Халықаралық чемпиондар кубогында «Реал Мадрид» 3:2 есебімен басым түскен еді.
Ойын барысында қос команда бір-біріне лайықты қарсылық көрсетті. Толассыз шабуылға иек артты.
Нәтижесінде есепті алғаш болып 14-минутта «Челси» сапынан Кристиан Пулишич ашты. Ал 29-минутта испниялық клубтың шабуылшысы Карим Бензема таразы басын теңестірді.
Бұдан кейін гол соғатын бірнеше мүмкіндік болған еді. Дегенмен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
Енді қарымта ойын 5 мамыр күні өтеді.
Сондай-ақ, бүгін, 28 сәуірде аталған турнирде тағы бір кездесуде «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Манчестер Сити» (Англия) командалары шеберлік байқасады.