29 мау, 2017 сағат 10:06

ҰБТ-ның сегізінші күнінің қорытындысы жарияланды

2017 жылдың 27 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 913 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 899 (98,5%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде - 870, орыс тілінде – 29 адам. Ұлттық бірыңғай тестілеу 2 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің сегізінші күнінде 202 тыйым салынған заттар алынды.

Орташа балл – 73,21.

Ағымдағы жылы ҰБТ Республика бойынша 20-27 маусым аралығында өткізілді.

Айта кетсек, жетінші күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 2050 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 2034 (99,2%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде - 1820, орыс тілінде – 214 адам.