03 қар, 2025 сағат 14:51

Тұрсынбек Қабатов: "Балаларымды ешқашан блоктамадым"


Фото: Тұрсынбек Қабатовтың парақшасынан


Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанованың сөзіне жауап берді. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол өз атына айтылған айыптауларды жоққа шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.


"Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан блокқа қойған емеспін. Балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін!", — деп жазды Тұрсынбек Қабатов.


Айта кетейік, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын хабарлаған болатын.


"Арамызда ештеңе қалған жоқ. Қазір балалар көп жылайды, сағынады. Фотоға түсіп, әкеме жібер деп жатады. Әкесіне фото қызық емес. Фото жібере алмаймыз, себебі бәріміз блоктамыз", — деген еді ол.