Фото: kaz.tengritravel.kz
Американың Maxar Technologies аэроғарыштық компаниясы Түркиядағы жер сілкінісінің алдындағы және кейінгі спутниктік суреттерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Maxar Technologies Twitter-де Түркияның Ислахие қаласының 2022 жылдың 4 қазанында, сондай-ақ 2023 жылдың 7 ақпанындағы жер сілкінісінен кейін түсірілген спутниктік суреттерін жариялады.
"Түркиядағы жер сілкінісінің соңғы суреттері. Ауа райы жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардың жаңа суреттерін түсіруге мүмкіндік бермеді. Қолда болған кезде жаңа суреттерді көрсететін боламыз", - дейді басылым.
Жарияланған кадрлардан қираған үйлер мен құтқару жұмыстарының барысын көруге болады.
Maxar Technologies өкілдері сонымен бірге Сирия мен Түркиядағы соңғы жер сілкінісінің спутниктік суреттерін беру үшін бірнеше ұйыммен жұмыс істеп жатқандарын айтты.