21 там, 2016 сағат 11:31

Түркияда жанкешті тойдың үстінде өзін жарып жіберіп, 30 адамды мерт қылды (Фото)

Түркияның оңтүстігінде жарылыс болды. Күні кеше Газиантеп қаласында өткен үйлену тойы кезінде жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, 30 адамды мерт қылды, тағы 100-ге жуығы қатты жарақат алды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Anadolu сайтына сілтеме жасап.

Облыс губернаторы Али Йерликайдың аталған шабуылды "теракт" деп атады. Әзірше, жарылысты кімнің және қай ұйымның ұйымдастырғаны белгісіз. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, террорлықәрекетті ДАИШ ұйымының содырлары ұйымдастыруы әбден мүмкін. Сондай-ақ «Күрдстанның жұмыс тобы» мүшелерінің қатысы бар деген болжам бар.