Фото: Oxu.Az
Жерасты дүмпуі Балыкесир провинциясындағы Сындыргы қаласының маңында жергілікті уақыт бойынша 22:48-де тіркелген. Бұл туралы Түркияның Апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) хабарлады.
Жер сілкінісінің ошағы 5,99 шақырым тереңдікте орналасқан.
Салдарынан бірнеше ғимарат қираған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
