11 там, 2025 сағат 09:31

Түркияда 6 балдық жер сілкінісі болды: Бір адам қаза тапты

Түркияның Балыкесир провинциясында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. 

81 жастағы қария қираған үйдің астынан құтқарылғанымен, алған жарақаттарынан қайтыс болған. Қазір 300-ден астам құтқарушы мен 79 техника іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

Балыкесир провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан шамамен 10 үй қираған. 

Айта кетейік, 10 тамыз күні жергілікті уақытпен 19:53-те Түркияның батысында жер сілкінісі тіркелген болатын. Эпицентрі – Сындыргы ауданы.