02 қар, 2023 сағат 18:54

Түркия президенті Ердоған Астанаға ұшып келді

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.


Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Оған ТМҰ-ге мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстанның көшбасшылары қатысады.