05 қар, 2025 сағат 11:34

Түркістанда тойдағы отшашудың соңы өртке ұласты

Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы мейрамханалардың бірінде үйлену тойы кезінде өрт шықты, деп хабарлайды Ult.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қызыл жалын банкет залын шарпыды. Оған отшашу кезінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды.

Ғимарат иесіне қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды.