26 мау, 2024 сағат 09:50

Түркістан облысының Түлкібас ауданында 8 жабық вагон рельстен шығып кетті


Оқиға Түлкібас ауданындағы «Қарақшы» учаскесінде болды. Жүк пойызы рельстен шығып кеткен. 

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта сүйенсек, апатты жағдайдан 8 вагон бүйіріне аударылып қалған. Салдарынан жоғары вольтты электр желісіне зақым келіп, шпалдар мен қураған шөптер өртенген.

Оқиға орнына келген құтқарушылар 150 шаршы метр жердегі өртті жойды.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қаіргі таңда апатты жағдайдың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.