04 там, 2025 сағат 17:19

Түркістан облысында қуаты 1 мың мегаваттық электр станциясы салынуда

Фото: ҚР ЭМ

ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Түркістан облысы мен Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында маңызды энергетикалық нысандарды аралап, 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды Ult.kz.

Кентау ЖЭО-5 (Кентау қаласы)

▪️ №6 қазандыққа күрделі жөндеу аяқталды
▪️ №5 қазандықтағы жұмыс жалғасуда
▪️ Түтін мұржаларының монтажы аяқталды
▪️ Екі турбинаға ағымдағы жөндеу жоспарланған

Жөндеу жұмыстары кәсіпорын басшылығымен бірге талқыланды.

1000 МВт бу-газ қондырғысы (Түркістан облысы)

Вице-министр «ПГУ Туркестан» ЖШС салудағы электр станциясы жобасымен танысты.

▪️ Жоба маневрлік режимде жұмыс істейтін заманауи бу-газ технологиясына негізделген
▪️ Құрылыс алаңдары мен қойма инфрақұрылымы тексерілді
▪️ Шетелден жеткізілетін жоғары технологиялық жабдықтарды қабылдау жұмыстары бақылауға алынды.

 «3-Энергоорталық» АҚ (Шымкент қаласы)

▪️ Негізгі жабдықтардың жөндеу жұмыстары тексерілді
▪️ Генерациялау қуаттары мен жылу жабдықтарына қатысты тәуекелдерге ерекше назар аударылды
▪️ Технологиялық тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.

Жұмыс сапары ҚР Энергетика министрлігінің 2025–2026 жылғы жылыту маусымының тұрақты әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысының бір бөлігі болды.