Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Түркістан облысы Сайрам ауданында жоғалып кеткен 10-сынып оқушысы өлі табылды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім бірнеше күн бойы үйінде болмаған. Оның туыстары хабар-ошарсыз кеткенін айтып, құзырлы органдарға хабарласқан. Артынша кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.
Полиция суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.
"Сайрам ауданында кәмелетке толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалып, барлық мән-жайы анықталып жатыр. Басқа ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.