Түркістан облысы Келес ауданында жеке тұрғын үйде төрт адам газға уланып қайтыс болды, - деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға бүгін, сегізінші ақпан күні болған.
Келес ауданының Бесқұбыр елді мекенінде табиғи газбен істейтін пеш ақауының салдарынан төрт адамнан тұратын отбасы ажал құшты.
Ерлі-зайыптылар 1986 және 1993 жылғы, ал балалары 2015 және 2016 жылы туылған.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында иіс газынан бір жанұяның төрт адамы қайтыс болған еді.