03 мам, 2024 сағат 18:48

Түркістан облысында әкесі зорлаған оқушы жүкті болып қалды


Фото: Pexels


Түркістан облысында әкесі зорлаған оқушы жүкті болып қалды. Кәмелет жасына толмаған қыз дағдарыс орталығына орналастырылды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат». 


Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған.


Қазір күдікті қамауда отыр. Сараптамалар да тағайындалған. 


«Барлық жағдайлар анықталуда. Кәмелетке толмаған қыз дағдарыс орталығына орналастырылған, оған тиісті көмек көрсетіледі. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», -деді Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Жандос Құлмахан.