Фото: polisia.kz
Түркістан облысының полицейлері ер адамнан 100-ден астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары Келес ауданының аумағында рейд жүргізу барысында моторлы қайықты тіркеп алған ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында учаскелік инспекторлар жергілікті тұрғыннан қайық, мотор, ау және басқа керек-жарақтарды, сондай-ақ 100-ден астам әр түрлі балықтарды тауып, тәркіледі.
Анықталғандай, 45 жастағы ер адам моторлы қайық пен ауларды пайдаланып, Сырдария өзенінде заңсыз балық аулаумен айналысқан. Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр.