Фото: aimak.com.kz
Бүгінгі кейіпкеріміз — Рыс Іскендерқызы. Түркістан қаласының тұрғыны, осы киелі қаланың «Құрметті азаматы», «Еңбек ардагері», «Сауда саласының үздігі», облыстық «Мерейлі отбасы»байқауының екінші орын иегері, «Жұлдызы жарық жанұя» номинациясын қанжығасына байлаған Рыс Іскендерқызы Ташметова бүгінгі таңда 85 жасқа толып, төрт қызы мен қос ұлдан 26 немере, 52шөбере, 7 шөпшек көріп, тамырын тереңге жайған бәйтеректей өсіп-өніп отырған шаңырақтың алтын діңгегі, ұйытқысы.
Сонымен, қаламыздағы толассыз өтіп жатқан іс-шаралардың бірінде Рыс Тәшметова әжемізді кездестіріп, көкейге келген сауалымызды қойған едік.
— Менің анам Үржан Өтеқызы — он саусағынан өнер тамған тігінші еді. Көзімдіашқаннан есімді білгенге дейін ол кісінің қолынанине-жібі түспей тігін тіккенін көрдім. «Шеше көрген тон пішер» деген мақал бар қазақта. Кішкентайымнан көргеннен кейін есте қалады екен. Өзім отыз үш жыл сауда саласында қызмет жасадым. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін бала күнімде анамнан үйренген өнерім есіме түсіп, қайтадан тігін машинасына отырдым. Негізінен құрақ құраймын. Мысалы, кез келген үйде маталардың қиындылары болады. Жаңа тіккізген киімдерден қалып қояды. Тағы басқа сол сияқты жағдайлардан қалған кездемелер кәдеге аспай әр жерде бір жатады. Міне, осындай маталардан құрақ жастық, құрақ көрпеше тігемін. Негізі, біздің ата-бабаларымыз ат қойып, ен тақпай-ақ «қалдықсыз өніммен» жұмыс істеген ғой. Құрақ құрау, біріншіден, «Тезірек үй болып құралып кетейік»деген қазақи ырымнан бастау алса, екіншіден, ерте кезде мата да қат болатын. Матаның кішкентайқиқымын аналарымыз «көзіне басып» әспеттеп, қадірлеп отыратын. Кез келген нәрседеысырапкершілікке жол берілмеуші еді. Міне, осындай ұқыптылықты бала кезімнен бойыма сіңіріп өскендіктен болар, әр нәрсенің көзін табуға тырысамын. Ұл-қыздарым мен келіндеріме де айтатын өсиетім осы.
Халқымыздың қолөнерін құрметтеу, оны насихаттау, жастарға үйрету бағытын бастыназарда ұстап, тынбай еңбек етіп келемін. Халықтық өнерді біз құрметтемесек кімқұрметтейді? Атадан балаға мирас болып кележатқан дәстүрді кейінгі ұрпаққа біз насихаттамасақкім насихаттайды? Ғасырдан-ғасырға жалғасқан, мұра болған қандай құнды жәдігерлеріміз бар. Оғанқамқорлық жасалмаса, ізім-қайым жоғалып кетуіғажап емес. Сонда кейінгі ұрпаққа не айтамыз? Қандай мұра қалдырамыз? Мені осы мәселе көптолғандырады. Жастау кезімізде жұмыс істедік. Шиеттей бала-шағаны жеткізіп, асырап-бағуқамымен жүрдік. Зейнеткерлікке шығып, аздап қолым босағаннан кейін осы мәселеге шындапмойын бұрдым. Әуелі немерелердің білім алыпжүрген мектебіне барып, ата-аналар жиналысынақатысып жүрдім. Үлкендік ақыл-кеңесімді айтып, қоғамдық жұмыстарына араластым. Ата-аналаркомитетінің жұмысын жандандырдым. Өйткені, ата-аналар комитеті — ұстаздар қауымының үлкентірегі деп білемін. Бірлесе атқарған жұмыс қашандажемісін береді. Осылайша бірте-бірте мектептірлігіне араласып жүріп олармен біте қайнасыпкеттім. Немерелерім қай мектепте оқыса, солмектептен табыламын. Қолөнер бұйымдарымдыапарып, көрмелеріне қатысамын. Түркістанқаласында мені бәрі «белсенді әже» деп таниды. Менің жасым қазір 85-те. Сондықтан да, өмірденкөрген-түйгендерімізді жастарға үйретупарызымыз деп білемін. Осы игілікті іс, жақсыниет осылай басталып еді, — деп бастады әңгімесін Рыс Тәшметова анамыз.
Елімізде 2017-жылы өткен ЭКСПО-ға да немересін ертіп, өз қаржысымен барып келгендегіәсерін әлі күнге дейін айтып тамсанады. Шағаладай аппақ көйлегі мен қапсырма, әшекейлертаққан барқыт қамзолын, түнікелі кимешегін, білезік-жүзіктерін киіп келе жатқан әжеміз жан-жақтан келген шетелдіктердің назарын аударып, бірсәтте «жұлдызға» айналып шыға келген. Ол туралы Рыс әже былайша әңгімелейді:
— ЭКСПО-ны үш күн араладым. Таңертең кіріпкешке бір-ақ шығамыз немерем екеуміз. Не дегенкеремет дүниелерді көрдік. Қай жағыңа қарарыңдыбілмейсің. Тіпті шаршағанымызды да ұмытыпкеттік. Туристер қаумалап, бірінен кейін біріменсуретке түстік. Негізі, мен өмірде рухани құндылықты, соның ішінде өзіміздің қазақхалқының өнерін бәрінен де жоғары қоямын. Сондықтан да үйімнен музей аштым. Менің әкетіпбара жатқан байлығым жоқ. Бірақ, осы қарапайымүйімнің бір бөлмесіне жасақталған жәдігерлердікөнеден келе жатқан теңдесі жоқ дүние депесептеймін. Менің музейімді теле арналарданкөрген, өзімнің тамыр-таныстарымнан көріп-білгенжас жұбайлар осында суретке түседі естелік үшін. Сәбилерін бесікке салып, тұсау кесетіндер де бар. Жалпылама әуестікпен тамашалап келіп кетеді.
Музей мәселесіне келсек, жәдігер жинаймын. Кешегі май шайқаған күбіміз, келі-келсабымыз,диірменіміз шойын табаларымыз, ана жатқанфонарьларға дейін, ертеде пайдаланған тұрмыстықзаттарды жинап жүремін. Қазақы дүниелерденүлкен түкті кілемдерді, тақыр кілемдерді, алашаларды жинап қана қоймай, оның жасалутәсілін, тарихын түсіндіремін. Менің дақпыртымбіраз жерлерге жетіп, «Алатау» телеарнасынан, басқа да ақпарат құралдарынан, туризмнен, мәдениеттен келіп қызығушылық танытыпжатқандар да бар. Әзербайжан елінің тілшісі келіп кетті. Біз туралы мәліметтер әлеуметтік желілерге де шаң беріп қалып жүр. Бұрнағы жылы текемет басқанымызды түсіріп әкетті. Сондықтан да, музейімді кеңейту үшін екі бөлме мен лоджаға жөндеу жұмысын жүргізіп жатырмын,- дейді Рыс анам…
Рыс Іскендірқызының тарихтың өткенінен сыр шертер құнды мұрағаты — қолөнерді дамытудықолға алып жүрген шөбересі де бар екен. Демек, бұл үйінен музей ашып, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды жандандырып отырған кейуанақариямыздың бұл игілікті ісі ұрпағы арқылыжалғасын табады деген сөз. Осы орайдақалталарынан төгілген қаржысын қайда жұмсарынбілмей, босқа шашып жүрген байбатшаларзейнеткер анамыздың осы қадамынан үлгі алыпжатса, қанеки!
Рыс апаның құрақ құрап, іс тіккен қолөнершеберлігі бір бөлек, о баста осы музей қалай ашылды?
— Мен отыз үш жыл саудада істедім. Есепшіболдым. Былайша айтқанда, қазіргі жұмысымаешбір қатысы жоқ салада еңбек еттім. Ал, енді, осы қадамға қалай келдім деп ойлаймын өзім де — дейді Рыс Тәшметова. 1985-жылы Қазақстанда «Қазақтілі қоғамы» құрылды. Ол кезде горподаістейтінмін. Сол кездегі төрағамыз Мырзабек Дойрабаев мені ұсынып, сегіз мекемеге «Қазақтілі» қоғамының төрайымдығына тағайындалдым.Сол күннен бастап қала көлемінде өтетін ұлттық іс-шараларға, Наурыз мерекесін өткізуге арласа бастадым. Төрт киіз үй, бес киіз үй тіккен күндеріміз болды. Өйткені, ұлттық дәстүрлерімізді насихаттау мақсатымен бір киіз үйді «Бесікке салу» келесілерін «Келін түсіру», «Тұсау кесу», «Құда күту» салттары бойыйша жабдықтап, халықты қарсы алатынбыз. Жалпы, мен бұрыннан өз мекемемізде өтетін іс-шаралардың ұйытқысы болатынмын. Салт-дәстүрлерге байланысты кітаптар жинастырып жүретінмін. Мені өз мекеміздегі «Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұйымына төрайымдыққа сайлағанда сол жағын да ескерген болу керек басшылар. Оның үстіненамысшыл мінезім бар. Мен үшін «Қазақ» деген ұлтымның жолында еңбек етуден артық бақыт жоқ. 1989-шы жылдан 1995-ші жылға дейін наурыздағы киіз үйлерді жабдықтап, дәстүрлі іс-шараларды өткізіп келдім. Сол жылдар менің осы бүгінгі қадамға деген «репетициям» болған болу керек, -деп жымияды халық арасынан шыққан өнер жанашыры.
Сексен бес жасқа келіп, қаланың қоғамдық өміріне белсене араласуын тоқтатпаған Рыс әженің жастарға айтары бар. Құдай қосқан қосағы, тектінің ұрпағы, өмірі еңбекпен өткен, осыдан он алты жыл бұрын жетпіс бес жасында дүние салған отағасы Өсербаев Қуанышбай екеуі алты перзентті өсіріп, 26 немере, 52 шөбере, 7 шөпшек сүйіп отырған Рыс Іскендірқызы Тәшметованың өмір әлемін таңғажайып десек болмас па?
— Мендегі үлкен күрделі мақсат — қазақтың дүниесі, ұмыт болған заттары қалып кетпесе екен. Жастар білсе екен. Арманым сол. Салт-дәстүріміз, қыз балалардың тәрбиесі, ер балалардың отау құруы, олардың ұрпағының тәрбиесі толғандырады мені.Тағы бір арманым, қазір халықтың тұрмысы жақсы. Әркім өзінше тұрмыс кешіп, зәулім сарайлар салып жатыр. Сол салып жатқан үйлердің ішінде бір бөлме қазақи сәнмен жабдықталса, қандай керемет. Өйткені, әркімнің үлкеннен қалған әйтеуір бір дүниесі бар, — дейді көне жәдігер жанашыры.