29 қаз, 2024 сағат 18:04

Туризм, энергетика және зейнетақы саласы: Қазақстан мен Моңғолия қандай құжаттарға қол қойды

Фото: Ақорда

Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барып, бірнеше келіссөзге қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.

Екі елдің президенті стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды. Содан кейін қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев барлығы 11 құжатқа қол қойды:

  • Қазақстан мен Моңғолия арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • Қазақстан мен Моңғолия арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасы;
  • Қазақстан мен Моңғолия арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • Көлік министрлігі мен Моңғолияның жол және көлік саласын дамыту министрлігі арасындағы автомобиль жолдарын дамыту туралы меморандум;
  • Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолияның сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы жоспар;
  • Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Моңғолияның мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • Туризм және спорт министрлігі мен Моңғолияның мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Моңғолияның азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Моңғолияның бас ветеринариялық басқармасы арасындағы ветеринария қызметі және карантин саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Моңғолияның цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • Энергетика министрлігі мен Моңғолияның атом энергиясы жөніндегі комиссияның атқарушы кеңсесі арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Бұған дейін Қазақстан Президенті моңғол жастарын Қазақстанда оқуға шақырғанын жазған едік.