17 қаз, 2025 сағат 12:04

Туристер Қазақстанның қай аймағына жиі барады?

Фото: Depositphotos.com

2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстанға келген шетелдік туристер орта есеппен 5 күн болған. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы 24 мың шетелдік келуші арасында жүргізілген зерттеу нәтижесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Туристер не үшін келеді?

  • 73,1% – жеке мақсатпен (демалыс, туысқа бару, саяхат)

  • 26,9% – іскерлік сапармен

Келушілердің жасы:
Туристердің жартысынан астамы – 25 пен 44 жаста.

Ең танымал бағыттар:

  • Астана

  • Алматы

  • Маңғыстау облысы

    Сонымен қатар 32,5% турист курорттық аймақтарды аралаған. Ең көп баратын орындар – Алматының тау кластері мен Маңғыстаудың табиғи локациялары.

Немен келген?

Туристердің көбі Қазақстанға:

  • Теміржолмен – 33,3%

  • Әуе көлігімен – 26,6%

  • Халықаралық автобустармен – 22,7% келген.

Қайда тұрады?

  • 48,3% – туыстарының/таныстарының үйінде тегін тоқтаған

  • 25,7% – қонақүйлерде

  • 21,4% – жалға алынған пәтерлер мен үйлерде тұрған

Орташа қону ұзақтығы: 4–5 күн.

Қанша ақша жұмсайды?

Елген келген туристер жалпы 4,6 млрд теңге кіріс әкелген. Оның ішінде:

  • 2,3 млрд – жол шығыны

  • 554,5 млн – қонақүй төлемі

  • 439 млн – кафе және мейрамханада тамақтану

Зерттеу туристер елден кетіп бара жатқан кезде әуежай, теміржол вокзалы, автобекет және шекара өткізу бекеттерінде жүргізілген. Қатысушылар 71 елден келген, олардың басым бөлігі Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары болды.