Желіде танымал түрік әншісі Мұстафа Сандалдың қазақ қыздары туралы айтқан пікірі кеңінен таралуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Шетелдік өнер иесі өзінің жеке концертінде қазақ қыздарының ерекше болмысын атап өтті. Мұстафа Сандал қазақ қыздарының сұлулығы мен мәдениетін жоғары бағалап, олардың әсемдігі мен рухани байлығын ерекше атап өткен.
“Қазақ қыздарының еті тірі. Олардың шашы, дене бітімі де керемет! Қазақ қыздары осындай. Сол үшін қазақ жігіттері, маған олай қарамаңдар. Қазақ жігіттерінің жолы болған. Қазақ жігіттері басқа қыздарды көрмеген соң түсінбейді. Тек көрген соң түсінеді. Сондықтан қазақ жігіттері, сіздер бақыттысыздар. Қазақ қыздарының қадірін біліңіздер, бағалаңыздар. Қазақ қызына үйлену – Алланың сізге берілген нығметі", – деді шетелдік әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі әншінің сөзін қолдаса, енді бірі алданып қалмауға үндеді.
“Қазақтарды өтірік мақтап қойса болды, естерін жимай қалады”, “Бұл әнші дұрыс айтады. Түріктің қыздары кинодағыдай әдемі емес”, “Әр елге барып, сол елдің қыздарын да дәл осылай мақтап жүр”, “Біз қазақтың қыздары ең кереметіміз”, “Сандал қазақ қыздарын сындырып тастады”, – деп жазды тыңдарман қауым.