Фото: unsplash
Қазақстанда 7 желтоқсанда солтүстік және орталық облыстарда жауын-шашын, боран соғады, көктайғақ, ал оңтүстікте тұман түседі деп болжанады, - деп хабарлайды Қазгидромет.
Астана - бұлтты, кей кезде қар жауады, боран соғады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус аяз. Қар жауады, боран соғады, көктайғақ.
Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс бағыттан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.
Шымкент - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), тұман түседі. Жел шығыс бағыттан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус, күндіз 10-12 градус жылы.
Ақмола облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан 9-14, күндіз шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-6 градус аяз. Көкшетау - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз қар жауады. Көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус аяз.
Алматы облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градус жылуға дейін, облыстың таулы аудандарында 6-11 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 0-5 градус аяз.
Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
Жетісу облысы - түнде облыстың шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), облыстың таулы аудандарында аз қар жауады, күндіз облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Жел оңтүстік-батыс бағыттан 9-14, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус, облыстың таулы аудандарында 9-14 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 0-5 градус аяз.
Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
Түркістан облысы - түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Жел шығыс бағыттан секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 2 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 5 градус аяз, күндіз 7-12, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 4 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), тұман түседі. Жел шығыс бағыттан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус, күндіз 8-10 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), тұман түседі, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батысқа ауысып секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылуға дейін.
Орал - бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батысқа ауысып секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
Атырау облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс, шығыс бағыттан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 3 градус аяздан 2 градус жылуға дейін.
Атырау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағыттан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
Маңғыстау облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), тұман түседі, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14, облыстың солтүстік-батысында, шығысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, облыстың солтүстігінде 5 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Түнде және таңертең көктайғақ. Жел солтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
Ақтөбе облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында аздаған қар жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ. Жел батыс, солтүстік-батыс бағыттан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус аяз, күндіз 4 градус аяздан 1 градус жылуға дейін.
Ақтөбе - бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыс бағыттан секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 0-2 градус аяз.
Қостанай облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, күндіз қар жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында боран соғады, көктайғақ. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус, облыстың оңтүстік-шығысында 9 градус, күндіз 1-6 градус аяз.
Қостанай - бұлтты, түнде аздаған қар жауады, күндіз қар жауады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 1-3 градус аяз.
Солтүстік Қазақстан облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде аздаған қар жауады, боран соғады, көктайғақ, күндіз қар жауады, боран соғады, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел батыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-6 градус аяз.
Петропавл - бұлтты, түнде аздаған қар жауады, күндіз қар жауады. Көктайғақ. Жел батыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 2-4 градус аяз.
Павлодар облысы - облыстың солтүстігінде, батысында қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан 9-14, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, облыстың солтүстігінде 8 градус, күндіз 0-5 градус аяз.
Павлодар - көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 0-2 градус аяз.
Қарағанды облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, көктайғақ, боран соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-7 градус, облыстың шығысында 10 градус, күндіз 0-5 градус аяз.
Қарағанды - көшпелі бұлтты, аздаған қар жауады, көктайғақ, тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 1-3 градус аяз.
Ұлытау облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, күндіз 1 градус аяздан 4 градус жылуға дейін.
Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, боран соғады, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында 13-18 градус аяз, күндіз 0-5 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында 8 градус аяз.
Өскемен - бұлтты, қар жауады, көктайғақ. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыс бағыттан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 0-2 градус аяз.
Абай облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, боран соғады, көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус, облыстың шығысында 9 градус аяз, күндіз 3 градус аяздан 2 градус жылуға дейін, облыстың шығысында 6 градус аяз.
Семей - бұлтты, түнде қар жауады, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 0-2 градус аяз.
Қызылорда облысы - түнде облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ, күндіз облыстың батысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батысқа ауысып секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус, облыстың солтүстігінде 9 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 2 градус жылы, күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, облыстың шығысында, оңтүстігінде 3-8 градус жылы.
Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей кезде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батысқа ауысып секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
Жамбыл облысы - түнде облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ, облыстың таулы аудандарында қар жауады, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ. Кей кезде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14, облыстың таулы аудандарында 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градус жылуға дейін, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 7 градус аяз, күндіз 6-11 градус, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус жылы.
Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей кезде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 1 градус жылуға дейін, күндіз 8-10 градус жылы.
