Цифрландыру ел медицинасын оңтайландырып, дәрігер мен емделушіөмірін жақсартады. Бұл туралы «Сапа ТелеМед» ЖШС-нің директоры Кульжиян Оразалина хабарлады.
«Цифрландыру денсаулық сақтау саласында айтарлықтай маңызға ие. Ол дәрігер мен пациенттің өмірін жақсартып, оларға қиындық келтіретін қағазбастылықты жояды. Уақытты үнемдеуге де өз үлесін қосып, барлық процесті оңтайландырады», –деді К. Оразалина.
Осы ретте компания директоры ЭКГ жүйесі туралы айтып өтті. Электрокардиографияның жүрек ауруларын емдеуде айтарлықтай пайдасы бар екендігіне де тоқталды.
«ЭКГ жүрек ауруларын емдеуде көп көмек көрсетеді. Өзіміз білетіндей, елімізде жүрек ауруларының салдарынан өлім деңгейі мен мүгедектікке ұшырау жоғары сатыда. Ал, бұл жүйенің арқасында өлім-жітім көрсеткіші төмендеді», – деді «Сапа ТелеМед» ЖШС директоры.
Оның айтуынша, электрокардиографияныңенгізілуіжүрек ауруларын уақтылы емдеуге мүмкіндік берді.Бағасы да жергілікті халыққа қолжетімді.
«Біз төмен бағаны ұстап тұрғымыз келеді. Құны өңірдегі медициналық орталықтардан аспайды. Біз барлық емханалармен бағаны салыстырдық. Құрал-жабдық шетелден келсе де, төмен бағамен ұсынатын боламыз», – деді ол.
Айта кетейік, ЭКГ телеметриялық жүйесі ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қарағанды облысында 2016 жылдың желтоқсанында құрылды. Бүгінде телеметриялық аппараттар орталық аудандық ауруханаларға, сондай-ақ, шалғайдағы ауылдық зертханаларға үлестірілген.Сондай-ақ, кардиологтар тапшылығы байқалатын Приозерск, Қаражал және Жайрем елді мекендерініӊ ауруханаларына берілген. ЭКГ ақпараттық бірыңғай жиынтықтан тұрады. Яғни, оның құрылымына бағдарламаны қамтамасыз ететін сервер, 12 каналдық телеметриялық электрокардиогафия енеді.Құрал шағын, алып жүругеыңғайлы, үй жағдайында да қолдануға болады.
Қарағандыда жедел диагностикалаудыӊ облыстық желісі бар. Бұл үшін кардиохирургиялық орталық шамамен 8 млн. теӊгеге 15 телеметриялық ЭКГ аппаратын сатып алған болатын. Жоғары білікті мамандардыӊ диагноз қойып, тиімді емдеу шараларын тағайындауы үшін құрал онлайн режимде кардиограмманы ситуациялық орталыққа жіберуге мүмкіндік береді.
Майсеитов Шыңғыс