10 қар, 2025 сағат 16:25

Трамптың сөзін бұрмалағаны үшін BBC басшылығы отставкаға кетті

Фото: ашық дереккөз

Ұлыбританияның «BBC» хабар тарату корпорациясының бас директоры Тим Дейви мен жаңалықтар қызметінің басшысы Дебора Тернесс отставкаға кетті, деп хабарлайды Ult.kz.

Олардың бұл шешіміне «Панорама» бағдарламасында АҚШ президенті Дональд Трамптың 2021 жылғы қаңтардағы мәлімдемесінің бұрмаланып берілуі себеп болған.

«Телеграф» газетінің жазуынша, Трамптың сөзі эфирге өңделіп шығарып, ол жақтастарын тәртіпсіздікке шақырғандай әсер қалдырған.

Тим Дейви де, Дебора Тернесс те эфирде бірқатар қателікке жол берілгенін мойындады.