18 шіл, 2025 сағат 13:43

Трамппен соттасқан телеарна 1993 жылдан бастап шыққан бағдарламасын жаппақ


Фото: Getty Images

Америкалық CBS арнасы күтпеген мәлімдем жасады. Телеарна "Стивен Колбердің түнгі шоуы" 2026 жылдың мамырында жұмысын тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

"Бұл тек түнгі хабар тарату қазір қиын болғандықтан қабылданған қаржылық шешім және шоудың тиімділігіне, оның мазмұнына немесе басқа мәселелерге ешқандай қатысы жоқ", - деді CBS.


Мәлімдеме CBS-тің бас компаниясы Paramount-тың АҚШ президенті Дональд Трамппен 2024 жылғы сайлаудағы бәсекелесі Камала Харриспен CBS-тегі сұхбатына қатысты сот ісін шешкеннен екі апта өткесін жасалды.

"The Late Show" отыз жылдан астам уақытқа созылған бағдарлама. Ол 1993 жылдан бері алғаш рет арна түнгі комедиялық ток-шоусыз қалғалы отыр.

Айта кетейік, "Түнгі шоу" бағдарламасының көшірмесі әлемнің көптеген елдерінде бар. Қазақстанда да бұл бағдарламаның аналогын танымал шоумен Нұрлан Қоянбаев жүргізген. Қазақстанда бұл бағдарлама "Түнгі студия" деп аталды.