Фото: Anadolu Ajansı
АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл бастамасы жайлы америкалық Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісіп, НАТО елдеріне жолдаған хатын жариялады, деп хабарлайды Anadolu Ajansı басылымы.
Трамптың айтуынша, мұндай шара Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға ықпал етуі мүмкін. Ол баж салығы соғыс аяқталғаннан кейін алынып тасталатынын да атап өтті.
"Қытайдың Ресейге ықпалы зор. Егер НАТО мен ұсынып отырған жолды таңдаса, соғыс дереу тоқтайды. Әйтпесе, АҚШ-тың уақыты да, күші де, қаражаты да босқа кетіп жатыр", – деді Трамп.
Сонымен қатар ол НАТО елдері Ресейге қарсы санкция енгізіп, ресейлік мұнайдан бас тартқан жағдайда, Вашингтон да Мәскеуге қатаң шара қолданатынын айтты.
Трамптың пікірінше, кейбір НАТО елдерінің Ресей мұнайын "шектен тыс көлемде" сатып алуы олардың келіссөздер кезіндегі ұстанымын едәуір әлсіретіп отыр.
