Фото: ашық дереккөз
Бұл туралы АҚШ президенті әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
"Бітім күшіне енді. Өтінемін, оны бұзбаңыздар", — деп жазды Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Сондай-ақ АҚШ Иранға Тегеранның америкалық базаларға жасаған соққысына әскери жолмен жауап бермейтінін хабарлады. Бұл туралы Axios тілшісі Барак Равид мәлімдеді.
Хабарламаға сәйкес, Ақ үй иран билігіне АҚШ ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін жеткізген.
