23 шіл, 2024 сағат 11:28

Трамп Байденнің сайлауға қатысудан бас тартқанына пікір білдірді


GETTY IMAGES/REUTERS

АҚШ президенттігінен үміткер Дональд Трамп өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында «Байден президенттік сайлауға қатысуға жарамсыз, ешқашан жарамды болған емес» деп жазды. 

Ақ үйдің қазіргі басшысы Джо Байденді ол физикалық және психикалық жағдайын жасыру үшін «оның дәрігері мен БАҚ» сюжетін пайдаланғанын айтты.

«Біз оның президенттігінен қатты зардап шектік, бірақ біз оның келтірген зиянын тез жоямыз»,-деді Трамп.


Айта кетейік, Джо Байден сайлауға қатысудан бас тартқанына мәлімдеді. Десе де ол мерзімінің соңына дейін президент болып қалады.