05 мау, 2025 сағат 10:46

Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

Фото: Unn.ua

АҚШ президенті Дональд Трамп Азия, Африка және Латын Америкасындағы 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге толық тыйым салатын, ал тағы 7 елге шектеу қоятын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.

Толық тыйым салынған елдер:
Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваториалды Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан, Йемен.

Шектеу қойылған елдер:
Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Венесуэла, Түрікменстан.

Тыйым 2025 жылғы 9 маусымнан бастап күшіне енеді.

Бұл шешім Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде басталған иммиграциялық шектеулердің жалғасы ретінде қабылданып отыр.