25 жел, 2024 сағат 20:56

Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды


Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Ақтауға Қазақстан төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов барды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"Авариялық-құтқару жұмыстарына 482 адам, 97 техника, 2 әуе кемесі және 4 кинологиялық есептоп жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ кинологиялық қызметінің қатысуымен іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан, Ресей және Әзербайжан ТЖМ ақпарат алмасуда.