17 сәу, 2020 сағат 15:25

Төтенше жағдай кезінде азаматтар мен экономиканы қолдауға қанша қаражат бөлінеді?

Еліміздегі төтенше жағдай кезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 экономиканы, шағын және орта бизнесті, халықты қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Бүгінде әлеуметтік және қаржылық реттеудің қолайлы жүйесін құруға күш салу маңызды болып отыр, деп хабарлайды primeminister.kz.

Төтенше жағдай кезінде азаматтар мен экономиканы қолдауға үш бағыт бойынша қосымша шығыстар қарастырылған.

Бірінші. «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру, оның аясында инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып, 254,3 мың жұмыс орны құрылатын болады.

Екінші. Әлеуметтік төлемдерді индекстеу және шетел валютасы бағамының өзгеруіне байланысты шығыстарды жабу. Бұл мақсатқа 315,4 млрд теңге бағытталады.

Үшінші. Азаматтар мен экономиканы қолдауға, оның ішінде Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыруға 293,4 млрд теңге бағыттау ұсынылады.

Осы қаражат аясында бір уақытта тұрмыс сапасын жақсартумен және табыс пен сұранысты ұлғайтумен өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар мен жобаларды іске асыру көзделген.

Сонымен қатар, бюджет кірістері бойынша шығындарды жабу және жоғарыда аталған шараларды іске асыру үшін республикалық бюджет шығыстары 532,8 млрд теңгеге оңтайландырылды. Бюджет тапшылығы 840,7 млрд теңгеге ұлғайды.

Соның нәтижесінде, республикалық бюджеттің параметрлері төмендегідей қалыптасты:

  • түсімдер — 11,8 трлн тг;

  • шығыстар — 14,3 трлн тг;

  • тапшылық — 2,4 трлн тг немесе ЖІӨ-ге 3,5%.

Шешім қабылданғаннан кейін қаражатты сапалы және уақытылы игеру мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік сатып алу рәсімдерін және басқа да тиісті іс-шараларды уақытылы жүргізуі қажет.

Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қазіргі жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысы карантиндік іс-шараларды жүргізуге тартылған медицина және басқа да сала қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуді тапсырды.

Дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыру

Жергілікті деңгейдегі қолдау мен салықтық артықшылықтарды есептемегенде, дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакеті қосымша 5,9 трлн теңгені құрайды, оның ішінде: 

  • 2,5 трлн теңге — бюджеттен тыс қаражат есебінен; 

  • 3,5 трлн теңге — республикалық бюджет есебінен үш бағыт бойынша қаржыландыру жоспарлануда.

Бірінші. Экономикалық тұрақтылық пен төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге 1,2 трлн теңге қарастырылған.

Халықты жұмыспен қамтуды қолдау үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы қабылданды, оның аясында поствирустық кезеңде 254,3 мың жұмыс орны құрылады. Оны іске асыруға қомақты сома (1 трлн теңгеге дейін) бөлінеді.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға қосымша 84,5 млрд теңге бағыттау жоспарланған.

Бұдан өзге, кәсіпкерлердің несиелері бойынша субсидиялау және кепілдік беру арқылы кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейту көзделген. Бұл шамамен 16 мың жұмыс орнын құруға және 250 млрд теңгеден астам салық түсіміне мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, азаматтардың жекелеген санаттары үшін құны 5 567 теңге болатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтық ұсынуға 30,8 млрд теңге қарастырылған. Бұл шара 2 млн-нан астам адамды қамтиды.

Нақтылау аясында «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 50 млрд теңге сомасында қосымша шығындар қарастырылған. Соның нәтижесінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығы мен дағдыларының тиімді моделін құру жалғастырылатын болады.

Екінші. Макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне қатысты іс-шараларға 315,4 млрд теңге бағытталады.

Үшінші. Азаматтар мен экономиканы қолдауға, оның ішінде Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыруға 293,4 млрд теңге бағыттау ұсынылады.

Осы қаражат аясында бір уақытта тұрмыс сапасын жақсартумен және табыс пен сұранысты ұлғайтумен өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар мен жобаларды іске асыру жоспарлануда. 

Бұл шаралар мыналар есебінен іске асырылатын болады:

  • республикалық бюджет шығыстарын 532,8 млрд теңгеге қысқарту;
  • бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге 3,5%-ға дейін жеткізу — 840,7 млрд тг.

Бұл ретте, республикалық бюджет кірістері бойынша шығындар 1,7 трлн теңгеге бағаланып отыр. Коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатып алуға 39,1 млрд теңге бөлінді.

Оның ішінде коронавирус инфекциясымен күрес бойынша жүргізілетін эпидемияға қарсы шараларға жалпы сомасы 23 468,5 млн теңге бөлінді, оның ішінде: 

  • жеке қорғану құралдарын, дезинфекциялау құралдарын, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды сатып алуға — 20 624,9 млн теңге;
  • коронавирусты анықтау үшін тепловизорлар, зертханалық жабдықтар және тест-жүйелерін сатып алуға — 2 712,5 млн теңге;
  • Қазақстан азаматтарын Қытайдан көшіруге — 131,1 млн теңге.

Осы қаражат шеңберінде өңірлерге жеке қорғану құралдарын, дезинфекциялау құралдарын, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алуға мақсатты трансферттермен 11 563,9 млн теңге аударылды, оның ішінде 30%-ға жуығы Нұр-Сұлтан қаласына — 1 412,4 млн теңге, Алматы қаласына — 1 419,9 млн теңге, Шымкент қаласына — 605 млн теңге бөлінді.

Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылға арналған бюджетті нақтылау аясында эпидемияға қарсы шараларға қосымша 125 283,5 млн теңге қарастырылады, оның ішінде:

1) карантиндік іс-шараларды өткізуге тартылған денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерін ынталандыруға – 40 609,8 млн теңге.

Анықтама: Үстемеақының мөлшері қауіптілік топтары бойынша анықталады: 

1 топ «Қауіптілігі аса жоғары» — реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы бір адамға 20 ең төменгі жалақы мөлшерін құрайды немесе 850 мың теңге. 

2 топ «Қауіптілігі жоғары» – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы 10 ЖТМ немесе 425 мың теңгені құрайды.

3 топ «Қауіптілігі орташа» – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстеме ақы 5 ЖТМ немесе 212,5 мың теңгені құрайды.

2) 19 509,6 млн теңге – коронавирустық инфекциямен ауырған тұлғаларды және ауруға күмәнді ретінде ауруханаға жатқызылғандарды емдегені үшін, сондай-ақ COVID-19 коронавирустық инфекциясымен ауырғандармен байланыста болған деген күмән барларды оқшаулау мақсатында медицина ұйымдарының медициналық қызметтеріне ақы төлеу; 

3) 14 800 млн теңге – Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында жалпы саны 680 төсек-орын болатын карантинді типтегі 3 медициналық модульдік кешенді салуға; 

4) 30 815,7 млн теңге – төтенше жағдай кезінде тұрғындардың жекелеген санаттарына азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтарды таратуға (АӘК алушылар, оның ішінде 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, 1-3 топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, мүгедек балаларды күтіп-бағып отырғандар, ресми тіркелген жұмыссыздар). Азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен 2 млн жуық адам қамтылады; 

5) 8 091,8 млн теңге – 1 жалақы көлемінде ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне, Ұлттық гвардия мен Қарулы күштердің әскери қызметкерлеріне сыйақы төлеуге (66,3 мың адам); 

6) 4 058,4 млн теңге – ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің байланыс қызметтерімен қамтамасыз етілуі және жұмыс ісетуіне;

7) 5 623,1 млн теңге – сот медицина сараптамасы қызметінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге. 

Сонымен қатар экономиканың басымдықты салаларын жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша биылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша банктер жалпы сомасы 422,2 млрд теңгеге 619 өтінім қабылдады, 292,2 млрд теңге сомасына 470 жоба мақұлданды, 153 млрд теңге сомасына 352 займ берілді. 

Ұлттық банк осы бағдарламаның қаржыландыруды 400 млрд теңгедене 1 трлн теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады, бұл қаржы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталады. 

Төтенше жағдайда зардап шеккен ШОБ субъектілері мен жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін Жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы әзірленіп, іске асырыла бастады. Бағдарлама аясында банктер жалпы сомасы 600 млрд теңгеге 12 ай мерзімге шартты салымдар бөлді. 3 айда игерілуі тиіс қаражатты игеріле бастады. Кәсіпкерлер 647 өтінім берді, 17,3 млрд теңге сомасына 45 займ берілді. 

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 9 сәуірдегі жағдай бойынша 199 млрд теңгеге 17 328 өтінім мақұлданды, оның ішінде 173,2 млрд теңге сомасына 14 616 займ берілді. 

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында Ұлттық банк бағдарлама бойынша қарыз алушыларды айыппұлдар мен өсімпұлдардан босату, негізгі қарыз және сыйақы бойынша төлемдерді 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге шегеру арқылы қолдауды қарастыратын өзгерістер енгізілді. 

Екінші шаралар пакеті аясында Ұлттық банк бірнеше бағыт бойынша жұмыстар жүргізуде. Мемлекет басшысыгың биылғы 31 наурыздағы тапсырмасына сәйкес қарапайым заттар экономикасы бағдарламасының аясында 1 жыл мерзімге көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 100 млрд теңге бөлінеді. 

Бағдарлама қатысушыларының облигацияларды өтеу мерзімі 7 жылдан 10 жылға дейін ұзартылады. 

Дағдарысқа қарсы шаралардың екінші пакеті аясында Ұлттық банк «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ инфрақұрылымдық облигацияларын сатып алу арқылы 700 млрд теңгеге дейін ұлғайту мүмкіндігімен 600 млрд теңге сомасына іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды қолдау бойынша шараларды қаржыландыру мәселесі пысықталып жатыр. 

Бұл қаражат жергілікті атқарушы органдарды одан әрі қаржыландыруға бағытталады және республикалық бюджеттен 300 млрд теңге көлеміндегі трансферттерді жергілікті бюджеттерге Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру үшін бөлген соң ұсынылады. 

Биыл қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму

Мәселен, 2020 жылдың І тоқсанында мемлекеттік бюджет кірістері есепті кезең жоспарына 89,9%-ға орындалды, республикалық бюджет — 78,8%, жергілікті бюджеттер — 121,4%. 

Республикалық бюджет кірістері экономикаға сыртқы факторлардың теріс ықпалының салдарынан 10,5% (89,5%) төмендеді. Республикалық бюджетке 1,4 трлн теңге сомасына кіріс түсті. Жоспар 378 млрд теңгеге орындалмады. Орындалмау негізінен салықтар есебінен болды. 

Біріншіден, ҚҚС түсінуіне, импортқа коронавирус індетінің таралуы ықпал етті. Атап айтқанда, үшінші елдерден импорттың азаюы $68 млн құрады. Импорттың азаюына байланысты, салық түсімдері 11,4 мың салық төлеушіден негізінен 49,1 млрд теңгеге төмендеді, көтерме және бөлшек сауда бойынша - 6,5 мың салық төлеушіден, өңдеу өнеркәсібінде – 1,3 мың, тау-кен өндіру өнеркәсібі - 130 салық төлеушіден. 

Сонымен қатар, коронавирустың таралуы ҚХР-дан келетін автокөлік құралдары санының 29,3%-ға, ЕАЭО елдерінен келетіндерінің 17,8%-ға төмендеуіне әкелді. 

Анықтама: биыл наурызда 2019 жылдың наурыз айымен салыстырған ҚХР-дан келетін импорт 20,3% немесе $61 млн төмендеді. Соның салдарынан кеден салығы мен ҚХР-дан келетін тауарлар импортынан түсетін салықтар 15,5% немесе 2,8 млрд теңгеге азайды. 

Екіншіден, КТС бойынша орындалмау негізгі экспорт позицияларына бағаның төмендеуіне ықпал етті: шикі мұнай бойынша 22,1%,мырышқа — 20,8%, мысқа — 9,4%, алюминийге — 9,7%, қорғасынға — 10,1%, феррохромға — 11,6%. Бұл ретте, республикалық бюджетке КТС төлейтін ірі 1 796 кәсіпорнның өткізу бойынша айналымдары 3,4%-ға төмендеді (8,9 трлн теңгеден 8,6 трлн теңгеге дейін).

Үшіншіден, кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуіне байланысты ҚҚС бойынша жоспар 132 млрд теңге сомасына орындалмады. 

8 сәуірде қабылданған нақтыланған республикалық бюджетте кірістер бойынша жылдық жоспар 6,4 трлн теңгені құрады. 

Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 134 млрд теңгеге асыра орындалып, 759 млрд теңгені құрады. Асыра орындау негізінен салықтар есебінен мүмкін болды — 127 млрд теңге. Кірістер бойынша жоспар барлық өңірлерде асыра орындалды. 

Республикалық бюджет шығыстары 2,9 трлн теңгені құрады. Жергілікті бюджеттердің шығыстары 1,2 трлн теғге болды. Есепті кезеңде аудиторлық шаралар жалғасты. 512 аудиторлық шара жүргізілді. 249 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 91 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. 

2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары 93,2% орындалды. 2020 жылы 68 нысанды өткізу жоспарланған. Оның ішінде 37-сі сатуға қойылды. Есепті кезеңде 3,2 млрд теңгеге 6 нысаны сатылды, 31 нысан сатуға қойылды. 3 нысан қайта құру мен таратуға бағытталды. 28 нысан жыл соңына дейін сатуға қойылады.

Қаржы министрлігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі — нақтыланған бюджетте әлеуметтік салаға, кәсіпкерлерді қолдауға қарастырылған қаражатты тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп түпкі алушыларға дейін уақытылы жеткізу. Жыл бойы ведомство өсу қарқынын төмендетпей, кірістер бойынша нақтыланған жоспарды орындауды қамтамасыз ететін болады.