Фото: instagram.com/suleimen_promotions_official/
Бірнеше қазақстандық боксшы АҚШ-та жекпе-жек өткізіп, қарсыластарын нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та алғашқы жекпе-жегін өткізді. Жүсіпов Миннеаполисте (Миннесота) өткен бокс кешінде тәжірибелі мексикалық Эдгар Рамиреспен (18-20-1, 14 КО) кездесті. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған болатын, бірақ алғашқы үш минутта Жүсіпов қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Бұл - Жүсіповтің кәсіпқойлар арасында екінші жеңісі. Рамирес карьерасында 21-рет жеңіліске ұшырады.
WBA International тұжырымы бойынша супер жеңіл салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшысы Евгений Павлов та (6-0, 4 КО) АҚШ-та алғашқы кездесуін өткізді. Павлов мексикалық Алексис Салидомен кездесті. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын, бірақ екінші раундта аяқталды - қазақстандық қарсыласын нокаутқа түсірді. Павлов кәсіпқой бокста жетінші жеңісіне қолжеткізді. Салидо болса мансабында үшінші рет жеңілді.
Миннеаполистегі бокс кешінде WBA International тұжырымы бойынша орта салмақтағы боксшы Бек Нұрмағанбет те (6-0, 4 КО) жекпе-жек өткізді. Ол американдық Хайнел Уилермен жұдырықтасты. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған еді, бірақ екінші раундта Нұрмағанбеттің жеңісімен аяқталды. Ол қарсыласын нокаутқа түсірді. Бұл - Нұрмағанбеттің кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісі. Уилердің екінші жеңілісі.
Сондай-ақ, Әбілхан Аманқұл кәсіпқой рингтегі дебютінде нокаутпен жеңді. 24 жастағы Аманқұлдың қарсыласы - америкалық Девонте Макдональд. Орта салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа есептелгенімен, үшінші кезеңде Аманқұлдың жеңісімен аяқталды. Ол да қарысласын нокаутқа түсірді. Аманқұл – 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері және 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.
1507 рет оқылды