17 сәу, 2025 сағат 10:50

ТОП-10: Астана мен Алматы көшелерінде жиі кездесетін көліктер белгілі болды

Фото: Pexels.com

Sergek ITS мамандары Астана мен Алматыдағы көлік қозғалысын саралап, ең жиі тіркелген көлік маркалары мен модельдерін анықтады, деп хабарлайды Ult.kz.

Астана

Зерттеу 12–20 қантар аралығында Тұран даңғылының Орталық саябақ маңындағы бөлігі мен Тұлпар көпірінен Қорғалжын тас жолына түсетін тұста жүргізілген.

Осы уақыт аралығында елордада ең жиі тіркелген көлік:

▪️Toyota Camry (71 мың рет өткен)
▪️Chevrolet Cobalt (36,6 мың рет)
▪️Hyundai Tucson (31,5 мың)
▪️Hyundai Elantra (24,3 мың)
▪️Hyundai Accent (22,5 мың)

Одан кейін Toyota Land Cruiser Prado (22 мың), қытайлық автоөндірушілердің көліктері (19 мың), Toyota Corolla (19 мың)  және Toyota Land Cruiser (17,2 мың) жиі кездескен.

Алматы

Зерттеу 17 ақпанынан 7 сәуіріне дейін Әл-Фараби даңғылының шығыс бағытында - Esentai Mall сауда орталығының қарсы бетінде және одан шығысқа қарай жүргізілді.

Алматыда да көш басында:

▪️Toyota Camry (67,3 мың рет)
▪️Chevrolet Cobalt (63 мың)
▪️Hyundai Tucson (38,1 мың)
▪️Hyundai Elantra (30,8 мың)
▪️Hyundai Accent (29 мың)

Одан кейін Kia Rio (22 мың рет), ГАЗ-3302 Газель (21,5 мың), Hyundai Sonata (18,5 мың) және Toyota Land Cruiser Prado (17,2 мың).