Фото: Getty Images
Америкалық актер Том Круз Парижден Лос-Анджелеске Олимпиада туын тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Олимпиада туын тапсыру эстафетасы жабылу рәсімінің дәстүрлі бөлігі болып табылады. Париж мэрі Анн Идальго туды Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бахқа қайтарып берді, ал ол оны Лос-Анджелес мэрі Карен Бассқа тапсырды. 2028 жылы келесі жазғы Олимпиада ойындары осы америкалық қалада өтеді.
Одан кейін Том Круз Олимпиада-2024 жабылу рәсімі өткен "Стад де Франс" стадионының шатырында көрінеді. Ол қауіпсіздік шараларын сақтап, төменге түсіп, Олимпиада туын қабылдап алды. Голливуд жұлдызы туды стадионнан мотоциклмен алып шығып кетеді. Содан кейін ұйымдастырушылар Круздың тумен Лос-Анджелесте жүрген сәтін бейнероликте көрсетті. Осыдан кейін Калифорния жағалауында Red Hot Chili Peppers, Билли Айлиш, Снуп Догг және Доктор Дре қатысқан мини-концерт ұйымдастырылды.