ҚР ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков Токио Олимпиадасына барған Қазақстан делегациясының құрамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Токиоға әдеттегіден 100 адам кем барды. Халықаралық Олимпиада комитететі мен Токио ұйымдастыру комитеті тарапынан болған елеулі қысқарту салдарынан адам саны аз болды. Делегацияға операциялық қызметті атқаратын мамандар, спортшылар мен бапкерлер енді. Жалпы, Қазақстан делегациясы 196 адам, оның ішінде спортшылар мен бапкерлер 157 адам, 20-сы кешенді әрі ғылыми топтардың маманы, штабта 9 адам, сондай-ақ 4 маман бар. Олар антиковидтік жұмыстар мен допингке қарсы қадағалаумен айналысты», - деді Андрей Крюков Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР ҰОК Бас хатшысы биыл қыркүйектің соңына қарай Олимпиададағы нәтиже бойынша соңғы қорытынды жасалатынын айтты.
«Осыдан кейін қателіктерді түзету мен келесі олимпиадалық циклге дайындық жұмыстары басталады», - деді Крюков.