Қазақстандық ауыр атлеттер Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон мемлекеттен берілген сыйақысын қайырымдылыққа аударады. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
Үшінші орын иеленген екі спортшы 75 мың доллардан алуы керек.
"Баршаңызға, федерацияға, Жанат Рашидовичке, ҰОК, мемлекетімізге қолдау көрсеткені және құттықтағаны үшін алғыс айтқым келеді. Жарыс алаңына шыққанда өзіңді қалай жеңуге болатынын, барынша жақсы өнер көрсету туралы ғана ойлайсың. Сол сәтте марапаттар туралы ойламайсыз. Сондықтан біз қайтып келгенде бізді осылай құрметтегеніне екі есе қуаныштымын!
Олимпиадалық құрамадағы ағаларымыз өз жүлделерін қайырымдылыққа беріп, жақсы үлгі көрсетті. Бізді - Олимпиада жүлдегерлерін мемлекет, Федерация, өңір жақсы қолдайды. Бұл - керемет! Бірақ, біз ерекше мұқтаж адамдар бар екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан мен де Ауыр атлетика федерациясының қолдауымен өз жүлделерімді игі мақсаттарға жұмсаймын", - деді Чиншанло.