Токиодағы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары басшылықты алып жүретін шетелдік делегациялардың максималды санын 12-ден 40-қа дейін көбейтпек. Бұл туралы жұма күні NHK телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Басында ел жоғары деңгейде ұсынылған жағдайда әр делегацияның шектік құрамы 12 адамнан аспау керек деп шамаланған. Алайда бұл талап турасында күзеттің қысқарған құрамымен жеткілікті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету мүмкін еместігі жөнінде арыздар айтылды. Нәтижесінде ұйымдастырушылар делегациядағы алып жүретін адамдардың санын 18-ге, керек жағдайда 40-қа көбейту туралы шешім қабылдады. Шетелдік өкілдерге коронавирусқа қарсы вакциналаудан алдын ала өтіп, Жапонияда бес күннен көпке қалмауға кеңес беріледі, деп хабарлайды телеарна.
Жекелеген жағдайларда делегацияларға алыс қашықтыққа сапар жасау үшін қоғамдық көлікті қолдануға рұқсат етіледі. Олардан бөгде адамдармен байланысқа түспеуі сұралады. Делегация мүшелері осындай талаптарға келісім беріп, қолдарында коронавирус сараптамасының теріс нәтижесі болған жағдайда Жапонияға келген сәтте міндеттелетін екі апталық карантиннен босатылады.
Еске сала кетейік, Токиодағы Олимпиада 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек болатын. Пандемия салдарынан ойындар уақыты бір жылға жылжып, 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтетін болды.