Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен Халықаралық паралимпиада комитеті (ХПК) санитарлық нормаларды сақтаудан бас тартқаны үшін спортшыларға және олармен бірге жүретін адамдарға тәртіптік жаза, оның ішінде Олимпиадаға қатыстырмау немесе депортациялау қолданылады, деп хабарлайды Sports.kz сайты.
«Ережелерді сақтамау, оның ішінде тестілеуден бас тарту, ұсынылған қызмет жоспарына кірмейтін жерлерге бару немесе маска киюді немесе әлеуметтік қашықтық шараларын әдейі елемеу тәртіптік жаза қолдануға әкелуі мүмкін», — деп еске салады плейбук құрастырушылары.
Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек еді. Пандемияға байланысты жарыстар бір жыл кейінге қалдырылып, 2021 жылдың 8 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді.
20 наурызда ұйымдастырушылар ойындарды шетелдік жанкүйерлерсіз өткізуге шешім қабылдады.