03 там, 2021 сағат 16:15

Токио Олимпиадасы: тағы бір боксшымыз жартылай финалға шықты


Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

52 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз ширек финалда Испания боксшысы Габриэль Эскобармен жұдырықтасты. Бірінші раундта Сәкен қарсыласын нокдаунға түсірді. Нәтижесінде бес төрешінің төртеуі қазақ боксшысына жоғары ұпай берді.   

Екінші раундта Маскунаноға жоғары ұпай берілсе де, үшінші раундты Бибосынов алды. Қорытынды есеп – 3:2.

Жартылай финалда жерлесіміз Ұлыбритания боксшысы Галаль Яфаймен қолғап түйістіреді. Бұл жекпе-жек 5 тамызда өтеді.


Айта кетейік, Қазақстандық боксшы бұған дейін 1/8 финалда француз Билал Беннамды сенімді жеңген. Ал алғашқы кезеңде Бибосынов Пуэрто-Рико өкілі Янкель Ривера Фигероамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түскен еді. 

24 жастағы Бибосынов - 2019 жылғы әлем чемпионаты мен 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 

Осылайша, қазақстандық екінші боксшы жартылай финалға жолдама алды. Бұған дейін құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалда жеңіске жеткен.