31 шіл, 2021 сағат 18:41

Токио Олимпиадасы: Рыбакина жүлдеден қағылды


Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасында жүлдеден қағылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Елена Рыбакина қола медаль үшін матчте украиналық Элина Свитолинаға қарсы ойнады. Тартыста ойында қарсылас жеңіске жетті. Есеп: 6:1, 6:7, 4:6.

Еске салайық, бұған дейін 29 шілдеде Рыбакина жартылай финалда швейцариялық Белинда Бенчичпен кездескен болатын. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 5:2 есебімен жеңіп жатып, 6:7 есебімен жеңілді. Ал екінші сетте Рыбакина қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсті. Бірақ қазақстандық теннисші үшінші сетте қарсыласына 3:6 есебімен жол берді. Матч 2 сағат, 46 минутқа созылды. 

Бүгінде Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.