57 келіге дейінгі салмақта белдесетін еркін күрес шебері Нұрислам Санаев (57 келі) Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық палуан бірінші жекпе-жекте Гвинея-Бисау спортшысы Диамантино Юна Фафені жеңген болатын. Ал ширек финалда Азия және әлем чемпионы, жапондық палуан Юка Такахасиден басым түсті.
Жекпе-жек барысында Санаевтың қабағы жарылып, кездесуде жиі үзіліс болды. Соған қарамастан отандасымыз қарсыласынан басым түсті.
Жартылай финалда Санаев үндістандық Рави Кумармен күреседі.
Айта кетері, Токио Олимпидасында еркін күрес жарыстарында бес қазақстандық спортшы өнер көрсетеді. Олар:
Нұрислам Санаев (57 келі);
Дәулет Ниязбеков (65 келі)
Данияр Қайсанов (74 келі);
Әлішер Ерғали (97 келі);
Юсуп Батырмырзаев (125 келі).