Токио Олимпиадасында академиялық есуден қазақстандық Владислав Яковлев жартылай финалға қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық спортшы өз тобында бесінші орынды місе тұтты.
Ертең, 30 шілдеде жарысқа қатысушылар 19-24 орындарды сарапқа салады. Онда қазақстандық спортшы D финалында бақ сынайды.
Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы аламанға жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда.