Токио Олимпиадасында таэквондошы Руслан Жапаров ширек финалға шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық спортшы 80 келіде сайысқа түсті. Оған Германиядан келген Александр Бахманн қарсылас атанды.
Сайыс барысында Руслан қарсыласынан 11:7 есебімен басым түсті. Ол ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Кё Дон Инмен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, тағы бір қазақстандық таэквондощы Жансель бүгін өзбекстандық Светлана Осипованы жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Айтулы аламанға дүние жүзіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда. Еліміздің атынан 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды.
Еске салсақ, Токио Олимпиадасы 23 шілдеде басталды. Ол 8 тамызда мәресіне жетеді.