Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан іріктеу турнирі аяқталып, финалға өткен спортшылар есімі белгілі болды. Олардың қатарында қазақстандық Милад Карими де бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰОК-ке сілтеме жасап.
Милад Карими үш жаттығу бойынша финалға жолдама алды.
Ол гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша іріктеуде 14.766 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті.
Еркін жаттығуда 8-ші орын иеленіп, финалға жолдама алды. Сондай-ақ, көпсайыс бойынша 20-шы орынға тұрақтап, Токио Олимпиадасының финалдық кезеңіне өтті.
Осылайша, қазақстандық гимнаст үш финалда бақ сынайды.