03 там, 2021 сағат 19:30

Токио-2020: Синхронды жүзуде қазақстандық спортшылар жарыстан шығып қалды


Токио Олимпиадасында әйелдер арасында синхронды жүзуден техникалық бағдарламада жұптық сайыста Александра және Екатерина Немич жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық спортшылар 167.1005 балл жинады. Бұл финалға шығуға жеткіліксіз болатын. Оған жұптық жарыста алғашқы он екі орынға табан тіреген спортшылар қол жеткізді. 

Бүгінге дейін Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар үш қола медаль алды. Олардың қатарында дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүльфия Чиншанло бар.

Қазақстандық боксшылар - Сәкен Бибосынов (52 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) жартылай финалға жолдама алды.