05 там, 2021 сағат 16:51

Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай жартылай финалға шыға алмады


Токио Олимпиадасында қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай (55 келі) каратэ-додан жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Төртінші кездесуінде Мөлдір жапониялық Михо Мияхарамен шеберлік байқасты. Бұл ол жекпе-жекте қарсыласына 2:11 есебімен есе жіберді. 

Михо Мияхара 1996 жылдың 3 қыркүйегінде дүниеге келген. Әлем чемпионатында 2018 жылы алтын алса, 2019 жылы күміс жүлдегер болды. Азия чемпионатында 2018 және 2019 жылдарда алтын мен күміске қол созды. Оған қоса Дүниежүзілік және Азия ойындарында жүлдегерлер қатарынан көрінді. 

Айта кетсек, Мөлдір Жаңбырбай В тобында сынға түсті. Ол алғашқы жекпе-жегінде мысырлық Радван Сайедті жеңсе, одан кейін австриялық Беттина Планкке есе жіберді.

Үшінші кездесуінде украиналық Анжелика Терлюгамен тең түсті.