05 там, 2021 сағат 16:22

Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай украиналық қарсыласымен тең түсті


Токио Олимпиадасында қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай (55 келі) каратэ-додан екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Екінші кездесуінде Мөлдір украиналық Анжелика Терлюгамен кездесті. 

Алғашқы сәттерде қарсыласы бірден үш ұпай алып кетті. Одан кейін Мөлдір қайтадан таразы басын теңестірді. 

Жекпе-жек 4:4 есебімен тең аяқталды. 

Анжелика Терлюга 1992 жылдың 27 мамырында дүниеге келген. Бүгінгі дейін Еуропа чемпионатында 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль алған. Сондай-ақ, еуропалық ойындарда күміс жүлдегер атанды. 

Айта кетсек, Мөлдір Жаңбырбай В тобында сынға түседі. Қарсыластары - украиналық Анжелика Терлюга, жапониялық Михо Мияхара, австриялық Беттина Планк және мысырлық Радван Сайед. 

Мөлдір алғашқы жекпе-жегінде мысырлық Радван Сайедті жеңсе одан кейін австриялық Беттина Планкқа есе жібереді.

Енді қазақстандық спортшы төртінші жекпе-жегінде жапониялық Михо Мияхарамен кездеседі. 

Олимпиадада әйелдер арасында 55 келіде сынға түсіп жатқан 9 каратэ-до шебері екі топқа бөлінген. Әрбір топтағы спортшылар бір-бірімен кездеседі. Үздік шыққан екеуі жартылай финалға шығады.

Жартылай финалда төрт спортшы өзара бір-бірімен кездесіп, үздік үштікті анықтайды.