04 там, 2021 сағат 18:36

Токио-2020: Қазақстандықтардың 4 тамыздағы жарыс нәтижесі қандай?


Бүгін Токио Олимпиадасында қазақстандықтар спорттың төрт түрінен сайысқа түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Байдарка мен каноэде есуде әйелдер арасында жекелей сында 200 метрлікте Маргарита Торлопова жарыстың алғашқы сатысынан өтті. Алайда ширек финалда жетінші орынды місе тұтты. Бұл жартылай финалға шығуға мүмкіндік берген жоқ. 

Байдарка мен каноэде есуде әйелдер арасында жекелей сында 500 метрлікте жекелей сында Наталья Сергеева ширек финалға жеткен еді. Бірақ ширек финалда алтыншы орынды місе тұтып, жартылай финалдан шет қалды. 

Ал еркін күресте Нұрислам Санаев (57 келі) алғашқы екі белдесуінде Гвинеи-Бисаудан келген Юна Фафе және жапониялық жапониялық Юки Такахасиді қапы қалдырып кетті. Дегенмен жартылай финалда үндістандық Рави Кумарға есе жіберді. Енді ертең 3-орын үшін сайысқа түседі. 

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) жартылай финалда АҚШ боксшысы Ричард Торрезге жол берді. Ал бұдан бұрын мысырлық Юсри Резк Мұстафа Хафез бен ресейлік Иван Верясовты жеңген болатын. 

Велотректен ерлер командасы спринттен біліктілік деңгейінің іріктеу сатысында 29-орынды қанағат тұтты. Осылайша 1/32 финалға шыққан 24 қатысушы қатарынан шет қалды.