06 там, 2021 сағат 20:15

Токио-2020: Қазақстан теннисшілерінің жүлдесіз қалуына не әсер етті?


ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов еліміз теннисшілерінің Токио Олимпиадасында жүлдесіз қалуына әсер еткен себептің бірін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдымен, айтарымыз, теннис ойыны кезінде ауа райы өте ыстық болды. Мүмкін бұл ұйымдастырушылардың кемшілігі шығар. Біз теннисшілерден сұрадық, олар күннің шамадан тыс болғанын айтып, ойынды одан әрі жалғастыра алмағандарын айтты. Бізге осылай жауап берді. Басқа елдердің де теннисшілері ойыннан шығып қалды», - деді Елсияр Қанағатов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өз кезегінде ҚР Теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский де өз пікірін алға тартты. 

«Иә, расымен, ауа райының қолайсыздығы кері әсерін тигізді. Басқа ел спортшылары да ойыннан шығып жатты. Біздің қыздар жақсы ойын көрсетті деп ойлаймын. Сонымен қатар дәрігерлер де әдеттегіден аз болды. Теннисшілеріміз бар күш жігерін салды», - дейді ол.