03 там, 2021 сағат 21:59

Токио-2020: Қазақстан медальдар саны бойынша нешінші орында?


Бүгін Олимпиада ойындарында отандық спортшылардың тағы бір медаль алатыны белгілі болды. Боксшы Сәкен Бибосынов (52 кг) турнирдің жартылай финалына өтті және ол сатыда жеңілген жағдайда да қола жүлдегер атанады. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.

Әзірге Қазақстанның қанжығасында бұрынғыша үш медаль бар. Барлығы да «қола». Оларды дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер - Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло жеңіп алды. 

Ойындардың 11-інші жарыс күнінен кейін Қазақстан медальдар саны бойынша 75-ші орында тұр. Қытай (32-21-16) көш алдында, екінші орында – АҚШ (24-27-21), үшінші орында – Жапония (19-6-11). 

Посткеңестік елдердің арасында Ресей (13-21-18) үздік болып, бесінші орынға жайғасқан. Одан кейін Өзбекстан (2-0-1) 27-ші орында, Грузия (1-4-1) 32-ші, Беларусь, Эстония мен Латвия (1-0-1) 49-шы, Армения (0-2-1) 58-ші, Украина (0-1-6) 61-ші, Қырғызстан (0-1-1) 64-ші, Түрікменстан (0-1-0) 70-ші және Әзербайжан (0-0-3) 75-ші орында келеді. 

Олимпиада-2020-ның 3 тамыздағы медальдар саны бойынша үздік ондығы: 

1. Қытай — 32-21-16 

2. АҚШ — 24-28-21 

3. Жапония — 19-6-11 

4. Австралия — 14-4-15 

5. Ресей — 13-21-18 

6. Ұлыбритания — 13-17-13 

7. Германия — 8-8-14 

8. Франция — 6-10-8 

9. Нидерланды — 6-7-7 

10. Оңтүстік Корея — 6-4-9 

75. Қазақстан — 0-0-3.