08 там, 2021 сағат 16:45

Токио-2020: Қазақстан қорытынды медальдар кестесінде қай орында тұр?


Токио Олимпиадасының соңғы күнінде Қазақстан медальдар кестесінде бір орынға төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Еске сала кетейік, қазақстандық спортшылар дүбірлі додада барлығы сегіз қола медаль алған еді. Олардың қатарында дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер - Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, боксшылар - Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, палуан Нұрислам Санаев пен каратэшілер - Дархан Асаділов, Софья Берульцевалар бар. 

Нәтижесінде Қазақстан 83-орынды місе тұтты. Бұл - тізімдегі қорытынды нәтиже. 

Бұл - ел спортшыларының қатысуымен өткен Жазғы Олимпиада ойындарындағы ең төменгі көрсеткіш. Сондай-ақ, өзінің тарихында тарихында тұңғыш рет алтын және күміс медальсыз қайтып отыр. Бұрын мұндай жағдай болған емес. 

Ал 2004 жылы Африна Олимпиадасында небәрі жеті медаль олжалап қайтқан еді. Алайда олардың 1-і алтын, 4-і күміс, 3-і қола болатын.