Токио Олимпиадасында қазақстандық Дархан Асәділов (67 келі) каратэ-додан жартылай финалға шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Үшінші жекпе-жегінде ол Саго Наотодан 3:0 есебімен басым түсті.
Ал, бұған дейін әзербайжандық Фирдовси Фарзалиев және түркиялық Эрай Самданнан айласын асырған.
Дархан Асәділов - каратэден Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі спортшы, жасы 33-те. 2010 жылы Азия чемпионы атанған. 2008 жылы әлем чемпионатында күміс, 2018 жылы қола медаль жеңіп алған. Еншісінде Азия чемпионатынан бірнеше жүлде бар.
Енді Асәділов жартылай финалда шеберлік байқасады.
Оған екі топта алғашқы қос орынға ие болған спортшылар шықты. Төрт спортшы өзара кездесіп, жүлделі орындарды сарапқа салады.